00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елдегі кәсіпқой футболды дамыту мәселелері талқыланды

24.11.2023 | 15:00
38
Фото: kff.kz

Мәжілісте Қазақстан халық партиясының фракциясы Қазақстан футбол федерациясының бастамасы бойынша «Қазақстандағы кәсіпқой футболдың тұрақты дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды, деп хабарлады Elorda.info.

Елдегі кәсіпқой футболдың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараға қоғам қайраткерлері, футбол ұйымдары және үкіметтік емес ұйымдар жиналды.

Дөңгелек үстелге ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Бас прокуратураның, Ішкі істер, Туризм және спорт, Қаржы министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ облыстық дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары мен Қазақстан халық партиясы облыстық филиалдарының өкілдері белсенді қатысты.

Мәжіліс депутаты, Қазақстан халықтық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов алғы сөзінде бұл бастаманың маңыздылығына тоқталып, кәсіпқой футболдың өзекті мәселелерін шешу үшін барлық мүдделі тараптардың нәтижелі ынтымақтастығына сенім білдірді. 

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов негізгі үш тақырыпты қамтыған баяндама жасады:

- Спорт жүйесіндегі заңсыз әрекеттермен тиімді күресудің құқықтық тетіктері.

- Қазақстандағы кәсіпқой футбол клубтарын қаржыландыру.

- Беттинг нарығын бақылау құралдары.

Баяндамадан соң қатысушылдар қызу пікірталас жүргізіп, барлық мәселелердің нақты практикалық шешімдерін іздеуге талпынды.

Жиын соңында талқылау қорытындысы шығарылып, алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралардың негізгі бағыттарына тоқталды. 

Барлық жаңалықтар