00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Дохада семсерлесуден рейтингілік турнир өтеді

29.01.2024 | 08:00
51
Фото: olympic.kz

Спорт комитеті мәлім еткендей, аталған дода 31 қаңтарда мәресіне жетеді.

Бұл – гран-при кезеңі Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік беретін аса маңызды рейтингілік турнирлердің бірі.

Сапы (шпага) сайысы бойынша әлемдік рейтингідегі қазақстандық спортшылардың орындары:

4-орын – Руслан Құрбанов – 127.000 ұпай;

44-орын – Эльмир Әлімжанов – 43.500 ұпай;

89-орын – Вадим Шарлаимов – 20.250 ұпай;

107-орын – Ерлік Сертай – 16.500 ұпай;

299-орын – Георгий Тинников – 3.000 ұпай;

462-орын – Александр Федотов – 0.500 ұпай.

Айта кетейік, Доха төрінде өтетін гран-при кезеңіне 58 елден 577 спортшы барған.

Барлық жаңалықтар