00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Дастан Мұқашбеков Париждегі Паралимпиадаға жолдама жеңіп алды

14.07.2023 | 09:00
41
Фото: Мәдениет және спорт министрлігінен

Қазақстандық параатлетші Дастан Мұқашбеков Париждегі Паралимпиадаға жолдама жеңіп алды, деп хабарлады Elorda.info Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Ол жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында қола медаль иегері атанды. Дастан 15.74 м нәтижесімен ядро лақтыруда үшінші орын алды.

Турнир Париж қаласында өтіп жатыр. Жарысқа әлемнің 107 елінен 1 200-ден астам спортшы қатысуда. Қазақстан атынан Дастан Мұқашбеков пен Салтанат Әбілхасымқызы өнер көрсетті. 

Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты – бұл іріктеу турнирі, онда алғашқы 4 орынға ие болған спортшылар XVII Жазғы Паралимпиадаға жолдама алады.

Барлық жаңалықтар