00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Данияр Елеусінов елордада жекпе-жек өткізеді

08.12.2023 | 16:00
29
фото: sports.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) екі жылдық үзілістен кейін рингке шықпақ, деп хабарлады Elorda.info Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін 32 жастағы Олимпиада чемпионы кәсіпқой бокстағы серіктестерімен келісім-шартты аяқтауға ниетті екенін, желтоқсанның ортасында Астанада өнер көрсететінін айтқан.

Елеусіновтің жекпе-жегі 15 желтоқсанда Астанада өтетін IBA Night of Champions сериясындағы бірінші турнир аясында өтеді.

Еске салайық, 2021 жылы Елеусінов IBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақта әлем чемпионы атанғанымен, өзін қорғай алмай, белбеуден айырылған болатын. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жаңа жекпе-жек кәсіпқой бокс чемпионатына қосылмауы әбден мүмкін.

Барлық жаңалықтар