00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Дәстүрлі «Бұрқасын-2024» фестивалі белгісіз мерзімге шегерілді

22.02.2024 | 14:50
70

Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы №34 бұйрығымен бекітілген су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының 44-тармағына сәйкес, мұзда қауіпсіз болудың негізгі шарты мұз қалыңдығының қоса беріліп отырған жүктемеге сәйкестігі болып саналады.

Бұл ретте мұздың қауіпсіз қалыңдығы бұқаралық спорттық, мерекелік іс-шараларды және автокөлік өткелдерін ұйымдастыру үшін кемінде 25 сантиметр болуы тиіс.

Осыған байланысты Есіл өзенінің мұз қалыңдығы қауіпсіздік ережелеріне сәйкес келмеуінен «Бұрқасын-2024» фестивалі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белгісіз мерзімге ауыстырылады, - деді қалалық Спорт басқармасы.

 

                                                                                                                                                                                                        Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар