00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық мәселесі пысықталды

15.02.2024 | 06:37
58
Фото: ашық дереккөз

ҚР Туризм және спорт министрлігінің 2023 жылғы қызметі мен 2024 жылға қойылған негізгі міндеттеріне арналған кеңейтілген алқа мәжілісі өтті, деп хабарлады Elorda.info

Жиын барысында дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық және өткізу жөніндегі дирекциясы жетекшісінің орынбасары Абылай Қоңдыбаев есеп берді. 

 Оның мәліметінше, айтулы шараға дайындық барысы 2 кезеңге бөлінген. 

I кезең. Ақпан-желтоқсан. 2023 жыл. 

Бағдарлама, қаржы, айдентиканы жоспарлау. 

II кезең. Қаңтар-тамыз. 2024 жыл. 

Спорттық объектілерді дайындау, ойынға қажетті тауар, қызмет түрлеріне сатып алу рәсімін өткізу, ұлттық құраманы жасақтап, дайындау, еріктілерді жинау, «Бірлік керуені» және «бүкіл әлемдік көшпенділер» этно ауыл жобасы. 

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында Астана қаласындағы ұлттық мұражайында «Көшпенді халық: тарих, таным, тағылым» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі. Ол жерде спорттық ғылым, тарих және мәдениет, көшпенділердің тамағы секциясын қамтиды. Конференцияда отандық 9 университет және шетелден Ұлыбритания, Нидерланд, АҚШ, Қырғызстан, Франциядан ғалымдар бас қосады, - деді ол. 

Оның айтуынша дәл қазіргі сәтте 55 мемлекет дүбірлі додаға қатысатындығын растаған. Оған қоса тағы 74 елге шақырту жіберілді.  Алдағы жоспар бойынша 22 наурыздан бастап, елордадағы Асық стеласында Дүниежүзілік көшпенділер ойынына неше күн қалғандығы туралы күнделікті ақпарат беріліп тұратын болады. 29 ақпанға дейін Астана қаласындағы бірнеше ЖОО-да еріктілерді іріктеу жұмыстары жүргізіледі. 

Айта кетейік, 2022 жылдың қазан айында ресми түрде Қазақстан 2024 жылғы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуші мемлекет ретінде белгіленді. Дүбірлі дода осы жылдың 8-14 қыркүйек аралығында өтеді.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар