00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Бокстан алдағы лицензиялық жарыста қарсыластарымыз белгілі болды

17.01.2024 | 13:00
56
Фото: Boxing Kazakhstan сайты

Әуесқой бокстан 29 ақпан-12 наурыз күндері аралығында Италияның Бусто-Арсицио қаласында Париж Олимпиадасының жолдамасы үлестірілетін жарыс өтеді, деп хабарлады Elorda info. 

Лицензиялық турнирде әр салмақта  жартылай финалға шыққан боксшылар Олимпиада жолдамасына ие болады. Аталмыш турнирде ел намысын 6 боксшы қорғайды. 

51 келіде әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов екінші мәрте бағын сынап көреді. 

Басты қарсыластар: 

Роско Хилл (АҚШ) — 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 

Юберхен Мартинес (Колумбия) — Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері. 

Алехандро Кларо (Куба) 

Томоя Цубой (Жапония) — 2021 жылғы әлем чемпионы. 

Дипак Бхориа (Үндістан) 

Жанг Жиамао (Қытай) 

Азат Махметов (Бахрейн) — Бахрейн атынан шығып жүрген қазақ боксшысы. 

57 келіде әлем чемпионы Махмұд Сабырхан екінші мәрте Олимпиадаға бару үшін жұдырықтасады. 

Карло Паалам (Филиппин) — Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері

Йоэль Финол Ривас (Венесуэла) — Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері

Амаду Мохаммед (Гана) — әлем чемпионатының ширек финалисі. 

Лю Пинг (Қытай) 

Хосе Де Лос Сантос (Доминикан Республикасы) 

Луис Габриел Оливейра (Бразилия) 

63,5 келіде елімізден кім баратыны белгісіз. Жазғы Спартакиада жеңімпазы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен Ханчжоуда өткен Азия ойындарының қатысушысы Ертуған Зейнуллиновтың бірі барады. 

Руслан Абдуллаев (Өзбекстан) — әлем чемпионы 

Лазаро Альварес (Куба) — 3 дүркін әлем чемпионы 

Алекси Де Ла Круз (Доминикан Республикасы) — 2021 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері

Баходур Усмонов (Тәжікстан) — әлем чемпионатының жүлдегері

Юри Фалькао (Бразилия) 

71 келіде әлем чемпионы, Ханчжоудағы Азия ойындарында төрешілердің әділетсіздігіне Асланбек Шымбергенов

Асахуджа Муйдунходжаев (Өзбекстан) — әлем чемпионы 

Зейяд Ишаиш (Иордания) — Азия чемпионатының күміс жүлдегері 

Жорж Куэллар (Куба) 

Омари Джонс (АҚШ) — 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері 

Вандерсон Де Оливейра (Бразилия) — әлем чемпионатының қола жүлдегері 

Нишант Дев (Үндістан) — әлем чемпионатының қола жүлдегері

80 келіде 2023 жылғы әлем чемпионы Нұрбек Оралбай өнер көрсетеді. 

Сальватор Кавалларо (Италия) — әлем чемпионатының қола жүлдегері 

Газимогамед Жалидов (Испания) — әлем чемпионатының қола жүлдегері

Владимир Мирончиков (Сербия) — әлем чемпионатының қола жүлдегері

Хусейн Ишаиш (Иордания) — Азия чемпионы 

Тұрабек Хабибуллаев (Өзбекстан) 

Ахмад Гусун (Сирия) 

92 келіде Азия чемпионы, әлем чемпионатының қатысушысы Айбек Оралбайға оңай соқпайтыны анық. 

Енмануэль Рейес (Испания) — әлем чемпионатының қола жүлдегері

Альфонсо Лорен Домингез (Әзірбайжан) — әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері 

Лазизбек Мулложонов (Өзбекстан) — әлем чемпионы 

Хулио Кастильо (Эквадор) — әлем чемпионатының күміс жүлдегері 

Санжит Кумар (Үндістан) 

Айта кетейік, Италиядағы бәсекеге баратын спортшылар күз айында Астана қаласындағы Спартакиадада анықталған болатын.         

Барлық жаңалықтар