00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Боксшы Данияр Елеусінов менеджерін сотқа берді

18.05.2023 | 17:30
34
Фото: prosports.kz

Рио Олимпиадасының чемпионы, кәсіпқой бокста жүрген Данияр Елеусінов (11-0, 6КО) Boxing Stars компаниясының менеджерлері - Зия Алиев, Элвиса Креспо, Джо Кьямбомен келісімшартты тоқтату бойынша сотқа жүгінді, деп хабарлады Elorda.info тілшісі. 

Данияр 2021 жылдың желтоқсан айында Астана төрінде Аргентина боксшысын жеңіп, IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақта әлем чемпионы атанған еді. Алайда 1,5 жыл ішінде жекпе-жек өткізбегені үшін чемпиондық белбеуінен айырылды. Сондай-ақ атақты Matchroom Boxing промоутерімен де келісімшартын ұзартпаған еді.

Бұл - кәсіпқой бокстағы жерлестеріміздің басынан өткерген алғашқы жайт емес. 2010 жылы Геннадий Головкин неміс компаниясы Universum-мен соттасып, келісімін үзген болатын. Нәтижесінде 2012 жылы АҚШ-та жұдырықтасуды бастап, қазіргі деңгейіне жетті.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар