00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Биыл спорт саласындағы 395 маман біліктілігін арттырды

14.06.2023 | 21:00
41

Жыл басынан бері дене шынықтыру және спорт саласындағы 395 маман біліктілікті арттыру курсынан өтіп, тиісті сертификаттар алды, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгінгі таңда біліктілікті арттыру бойынша 6 курс өткізілді. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығының жоспарына сай биыл 17 тегін курс ұйымдастырылады. Ол курстар 700-ге жуық адамды қамтитын болады.

Жаңа кадрлар даярлау және салада жүрген спорт мамандарының біліктілігін арттыру - біздің басты міндеттеріміздің бірі. Бұл ретте, тек жаттықтырушыларға ғана емес, сонымен қатар спорттық оқу орындарының жаттықтырушы-оқытушыларына да көңіл бөлінеді. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мамандарға баса назар аударылады, - деді МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.

Барлық жаңалықтар