00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Билли Джи Кинг кубогы: Қазақстан кіммен ойнайды?

25.05.2023 | 17:30
36
Фото: meta-ratings.kz

Үлкен теннистен қыздар арасындағы бәсекеде Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды, деп хабарлады Elorda.info тілшісі. 

7-12 қараша күндері аралығында Севилья (Испания) қаласында өтетін Билли Джи Кинг кубогында Қазақстан құрамасы В тобында Аустралия (былтырғы финалист) және Словениямен ойнайды. 

Бұл турнирде Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Анна Данилина, т.б белді теннисшілеріміз өнер көрсетеді. 

Былтыр отандастарымыз осы кубоктың финалдық кезеңіне бірінші рет шығып, топтық кезеңмен (Ұлыбритания 2:1, Испания 0:3) жарысты аяқтаған еді.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар