00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Бақтияр Артаев: Басты мақсатым — 2-3 дүркін Олимпиада чемпионын шығару

24.03.2024 | 16:54
46

Бокстан Афина Олимпиадасының жеңімпазы Бақтияр Артаевтың құрметіне жасөспірімдер арасында халықаралық турнир басталды, деп хабарлады Elorda.info
Бокстан 2008-2009 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер Афина Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаевтың жүлдесі үшін шаршы рингте жұдырықтасатын болады. 
Жарысты қолдауға Олимпиада чемпиондары Серік Сәпиев, Данияр Елеусінов, әлем чемпиондары Нұрбек пен Айбек Оралбай, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов т.б танымал тұлғалар келді. 
28 наурызға дейін жалғасатын бокс бәсекесінде еліміздің 20 өңірінен бөлек, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттерінен 300-ге жуық спортшы 13 салмақта жүлде жиынтығын сарапқа салады. 
«Жасөспірімдер арасындағы боксты жарысын ұйымдастыру идеясы бұрыннан бері ойда бар еді. Міне, бүгін сол идея жүзеге асты. Бұйырса, осы жасөспірімдердің арасынан 2028 жылы өтетін Лос-Анжелес Олимпиадасына баруы әбден мүмкін» — деді, Бақтияр Артаев. 
Ұйымдастырушыларының айтуынша, жасөспірімдер арасындағы бәсекенің көптеп өтуі боксшылардың тәжірибесін арттырып, болашақ чемпиондарды дайындауға өте үлкен мүмкіндік болмақ. 
«Басты мақсатым — 2-3 дүркін Олимпиада чемпионын шығару. Өздеріңіз білетіндей, әлі күнге дейін бокста 2 дүркін Олимпиада чемпионымыз жоқ. Қазірден жасөспірімдерге көңіл бөлсек, 2028, 2032, 2036 жылдары осы буын өкілдері тарихты жаңартатына сегімдімін» — деп, сөзін түйіндеді  Афина Олимпиадасының чемпионы.
Сондай-ақ, жарыстың ашылу салтанатында бірінші рет орта салмақта отандасымыз Бақберген Әлиасқаров пен Жавохир Абдурахимов (Өзбекстан) 4 раундтан тұратын кәсіпқой бокс кездесуін өткізді. 
Тартысты өткен айқас тең аяқталып, төрешілердің шешімімен қос елдің достығы жеңіске жетті.

Барлық жаңалықтар