00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Азиадада Қазақстан құрамасы тағы бір медаль иеленді

25.09.2023 | 10:00
43
Фото: olympic.kz

63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық Эсмигүл Күйлова Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлады Elorda.info

Медаль үшін күресте ол өзбек спортшысы Севинч Исокованы жеңді.

Бұл Қазақстан құрамасының осы Азиададағы дзюдо бойынша үшінші медалі. Кеше 48-ге дейінгі салмақтағы күмісті Абиба Абужақынова жеңіп алды, ал Мағжан Шамшадин 60 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алды.

Жеңіс оңай берілмейді, бірақ бүгін Эсмигул жеңіске деген құлшынысын көрсетті. Алда оны үлкен жеңістер күтіп тұрғанына күмәнім жоқ, - деді қазақстандық дзюдошының жеңісіне Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Барлық жаңалықтар