00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Қажымұқан жолы: Астананың ең мықты студенттері белгілі болды

15.03.2024 | 10:19
90
Фото: Сұлтан Сейіт

Турнир Қазақстан Спортшылар одағы мен Астана қаласының әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Жоба авторы – Гиннес рекордтар кітабының рекордшысы, қазақстандық балуан Сергей Цырульников.

87eb2091-9281-45c8-995e-08fb58cdb0df.jpg

Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында алғаш өткізілген бәсекеде елорданың 11 университетінен 22 студент қатысты. 

Олардың арасында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы Едіге Емберді, армрестлингтен Азия чемпионы Станислав Слободян да бар.

5afcfda2-a7f2-45ca-8204-c6e966a05192.jpg

Турнирдің ерекшелігі – жеңімпаздар командалық сайыстар арқылы анықталды. 

Бірінші сайыста спортшылар 2 минутта 60 келілік қапты басынан асыра көтерсе, екінші жаттығуда шынжырға байланған 24 келілік гір тасын 2 команда ұзақ ұстап тұру арқылы жарысты. Үшінші кезеңде ұзындығы 60 сантиметрді құрайтын арматураны уақыт жылдамдығымен майыстырды. Ал төртінші раундта салмағы 80 келілік қапшықты 2 минут ішінде 1,2 метрлік кедергіден мейлінше көп асыруға тырысты. Қорытынды сайыста командалар арқан тартуда сынға түсті. 

Қажымұқан жолы жарысын бұрыннан бері көріп келемін. Себебі, ауыр атлетикадан Нұрғиса Әділетұлы т.б мықты спортшылар қатысады. Міне енді алғаш рет «Student Cup» турнирі өткізілді. Шынын айтсам, өткен жылы Гвадалахарадағы жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанғаннан кейін, жаттығу жасамап едім. Салдарынан жарысқа толыққанды дайын болмадым. 

Бәсеке өте тартысты өтті. Қарсыластарымның барлығы мықты. «Қажымұқан жолы» деген атты иеленген дода ешкімге оңай соқпады, - деп «Спорт академиясы» сапында қола жүлдегер атанған Едіге Емберді өз ойын білдірді.

Турнир қорытындысы бойынша 1-орынды Сәкен Сейфуллин атындағы агротехникалық университет, 2-орынды Astana IT, 3-орынды Спорт академиясы иеленді. 

4443442c-facf-4cbd-aa3a-3eac17582bfa.jpg

Жүлдегерлерге ақшалай және естелік сыйлықтар берілді. 

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар