00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Қазақстандық клубтардың еурокубоктағы қарсыласы анықталды

20.06.2023 | 20:08
25
Фото: fca.astana

Футболдан биылғы еурокубокта өнер көрсететін «Астана» мен «Тобыл» клубтарының алғашқы раундтағы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлады Elorda.info.

Ел чемпионы атанған «Астана» клубы чемпиондар лигасының 1 раундында Грузияның «Динамосымен» кездеседі. Алғашқы ойын 11/12 шілде күні Астана қаласында, қарымта ойын 18/19 шілде күні сырт алаңда өтеді.

Transfermarkt сайты бойынша клубтардың құны:

«Астана» — 12,73 млн еуро;

«Динамо» — 9,05 млн еуро.

Бұған дейін 2014 жылы «Ақтөбе» клубы чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде дәл осы «Динамомен» ойнап, қос кездесудің нәтижесінде (1:0, 3:0) басым түскен еді.

Ал «Тобыл» клубы Конференция лигасының алғашқы раундында Финляндияның «Хонка» командасымен күш сынасады. Алғашқы ойын 13 шілде күні Қостанайда, жауапты ойын 20 шілде күні Финляндияда өтеді.

Transfermarkt сайты бойынша клубтардың құны:

«Тобыл» — 6,75 млн еуро;

«Хонка» — 4,65 млн еуро.

Ал Конференция лигасының 2 раундында бақ сынайтын «Ақтөбе» мен «Ордабасының» қарсыластары ертең анықталады.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар