00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Қазақстан құрамасы сырт алаңда Сан-Мариноны ірі есеппен жеңді

17.06.2023 | 11:30
25
Фото: kff.kz

Еуро-2024 іріктеу чемпионатының кезекті ойыны Италияның Парма қаласында өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Эннио Тардини стадионында өткен ойында Қазақстан құрамасы қарсыласын 3:0 есебімен ұтты. Алғашқы таймда біздің қорғаушы Ян Вороговский есеп ашып, Қазақстан құрамасын алға шығарды.

Екінші таймда Магомед Адиев шәкірттері ойын басымдығын ұлғайта түсті. Алдымен команда капитаны Асхат Тағыберген пенальтиден мүлт кетпеді. Ойынның соңғы секундында ұлттық құраманың көшбасшысы Бақтиер Зайнутдинов кездесуге нүкте қойды.

Сан-Марино – Қазақстан – 0:3 (0:1)

Голдар: Ян Вороговский 37, Асхат Тағыберген 64 (пенальти), Бақтиер Зайнутдинов 90+5

Ескертулер: Лоренцо Капикьони 67, Лоренцо Ладзари 70 – Бақтиер Зайнутдинов 72, Исламбек Қуат 89;

Барлық жаңалықтар