00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Қазақстан парахоккейден Құрлықтық кубоктың қола жүлдегері атанды

13.06.2023 | 09:00
34
Фото: дереккөз

Сочиде парахоккейден Құрлықтық кубок өз мәресіне жетті, деп хабарлады Elorda.info. 

Турнирге Қазақстан, Армения, сондай-ақ Ресейдің екі құрамасы қатысты.

Топтық кезеңде қазақстандық хоккейшілер Ресей-1 (8:0) және Ресей-2 (9:1) командаларына есе жіберіп, Армения командасын 13:0 есебімен жеңді. Қола медаль үшін тартыста ел құрамасы Армениямен екінші мәрте кездесіп, 8-0 есебімен жеңіске жетті.

Әрине, медальға қол жеткізгенімізге қуаныштымыз. Бұл қажырлы еңбектің арқасында жеткен нәтижеміз десек болады. Осындай турнирде өнер көрсеткен өзімнің командама және ұйымдастырушыларға алғыс білдіргім келеді. Биыл әлем чемпионатына қатысу жоспарымызда бар. Онда сәтті өнер көрсетіп, халықаралық аренада ел намысын лайықты деңгейде қорғаймыз деген үміттемін. 

Осы жарыста жақсы тәжірибе жинадық. Біз әлем чемпионатының жоғарғы тобына кіріп, Паралимпиада ойнандарында өнер көрсеткіміз келеді. Бұл біздің мақсатымыз. Бұл біздің арманымыз, - деді парахоккейден Қазақстан құрамасының шабуылшысы Қайрат Сабиров.

Барлық жаңалықтар