00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде жоғарылады

27.10.2023 | 03:30
50
Фото: kff.kz

Қазақстан құрамасы Футбол қауымдастықтарының халықаралық федерациясы (ФИФА) ұлттық құрамалар арасындағы жаңартылған рейтингінде өз орнын жақсартты, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстан жаңартылған тізімде екі орынға көтерілді. Қазір ұлттық құрама FIFA рейтингінде 98-орынға ие.

Естеріңізге сала кетейік, қазан айында Магомед Адиев басшылығымен Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында екі матч өткізді: Дания құрамасымен (1:3) және Финляндия құрамасымен (2:1).

FIFA 2023 жылдың 26 ​​қазандағы рейтингі:

Рейтингтегі алдыңғы орын жақшада көрсетілген

1. (1) Аргентина - 1861,73 ұпай

2. (2) Франция - 1853.11 

4. (4) Англия - 1807.88

5. (5) Бельгия - 1793.71

6. (9) Португалия - 1739.83

7. (7) Нидерланд - 1739.26

8. (10) Испания - 1725.97

10. (6) Хорватия - 1747.83

19. (18) Дания - 1612.15

54. (59) Словения - 1428.1

62. (54) Финляндия - 1388.46

75. (74) Солтүстік Ирландия - 1325.06

...

96. (97) Палестина - 1224.05

97. (96) Қырғызстан - 1224.03

98. (100) Қазақстан - 1219.94

99. (98) Тринидад және Тобаго - 1217.43

100. (105) Беларусь - 1212.52

...

207. (207) Сан-Марино - 746.98

Толық рейтингті FIFA веб-сайтынан табуға болады.

Барлық жаңалықтар