00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Қазақ хоккейінің жеңілісі неге ерекше?

23.05.2023 | 20:11
36
фото: Kazakhstanhockey

Өкінішке қарай, хоккейден Латвия мен Финляндияда өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы плей-оффқа шыға алмады, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл құраманың оқиғасы қалай басталды?

2023 жылдың басында АҚШ-та өткен Универсиада ойындарында Ғалым Мәмбетәлиев баптаған Қазақстан хоккей құрамасы қарсыластарын аямай (Ұлыбританияны 15:1, Венгрияны 9:1 ) жеңіп, көпшіліктің назарын аударды. Алайда плей-оффта жолдары болмай, 4-орынға табан тіреген еді. Сол сәтте Максим Мухаметов 6 шайба, 9 асист жасап, Универсиаданың ең үздік сұрмергені атанды. Батырлан Мұратов – 6 шайба, 5 асист, Саян Данияр – 4 шайба, 6 асист, Максим Мусоров – 4 шайба, 5 асист, Руслан Демин – 1 шайба, 6 асист, Мәди Диханбек – 7 асистпен ТОП-30 хоккейшінің қатарына кірді. 

Универсиадада өнер көрсеткен 9 хоккейші (Саян Данияр мен Руслан Демин кірмеді)  әлем чемпионатында ойнады.

Сәуір. Латвия мен Финляндия тарапы өз жерінде өтетін әлем чемпионатына Ресей мен Беларусь азаматтығы бар хоккейші, бапкерлерді кіргізуге тыйым салды. Салдарынан Қазақстан құрамасының бапкері Андрей Скабелка (Беларусь), қос азаматтығы бар Дмитрий Шевченко, Алексей Маклюков, Егор Петухов, Антон Сагадев сынды хоккейшілер әлем біріншілігіне бару құқығынан айырылды. 2004 жылдан бері Қазақстанда қос азаматтыққа тыйым салынғандықтан, құрамадағы швед, канадалық спортшылар да орындарын босатуға мәжбүр болды. 

Нәтижесінде Универсиадада жақсы өнер көрсеткен, Қазақстан чемпионатын «Номад» клубымен жеңген Ғалым Мәмбетәлиев ұлттық құраманың бапкерлігіне тағайындалды. Ол өзіне жақсы Универсиада мен «Номад» клубында жақсы таныс Максим Мухаметов, Батырлан Мұратов, Максим Мусоров, Мәди Диханбек, Данил Бутенко, Әлихан Өмірбеков, Артем Королев, Абай Маңғысбаевты шақырды. Тамирлан Гайтамиров пен 19 жастағы Дінмұхамед Қайыржан «Барыс» клубынан қосылды.

Әлем чемпионатында 10 хоккейші  дебюттік ойынын өткізді.

WhatsApp Image 2023-05-23 at 19.50.41 (1).jpeg

Дебютанттарымыз мықты ма еді?

  • Максим Мухаметов 58 ұпаймен Қазақстан чемпионатының ең үздік сұрмергені атанған (әлем чемпионатында 3 шайба).
  • Батырлан Мұратов 15 ұпаймен Қазақстан чемпионатының плей-оффында ең үздік ойыншы атанды. (әлем чемпионатында 1 шайба және 3 асист)
  • 19 жастағы Дінмұхамед Қайыржан «Барыс» клубында рекордтық 62 ойын өткізді (әлем чемпионатында 1 асист)
  • Темирлан Гайтамиров «Барыс» сапында – 31, «Номад» клубында 13 ойын ойнады.
  • Максим Мусоров Ресейдің «Химик» клубында 44 ойын өткізді және т.б.

Әлем чемпионатында қандай мақсат қойылды?

Әлем чемпионатына дайындық барысында Қазақстан құрамасы Ресей 25 командасынан 0:3, Беларусьтен 0:6 есебімен жеңілді. Сонымен қатар легионері жоқ, басым ойыншысы Қазақстан чемпионатында ойнайтын хоккейшілерінен құралған құрама біріншілікке басты аутсайдер ретінде қатысты. Басты жоспар – дивизионда қалу үшін, Словенияны жеңу керек еді. Букмекерлер де Қазақстанды Словениямен ойында ғана сәл ғана басымдықпен фаворит санады. 

Қандай артықшылықтар болды?

  •  
  • Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына ең жас құрамалардың бірін апарды. Орта жасы: 24,25 жыл.
  • Қазақстан 3 ойында жеңіліп жатып, жеңіске жетті (Норвегия 4:3 Б, Словакия 4:3 Б, Словения 4:3)
  • Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының тарихында алғаш рет Норвегия мен Словакиядан басым түсті.
  • Қазақстан құрамасы 2016 жылдан бері 5 буллит сериясында жеңіп келеді.
  • Қазақстан құрамасы сапынан 1 чемпионатты алғаш рет 2 қазақ хоккейшісі шайба соқты. Жалпы жоғарғы дивизионда 4 қана қазақ қана шайба (Талғат Жайлауов, Әлихан Әсетов, Әділ Бекетаев, Батырлан Мұратов) соққан.
  • Қазақстан құрамасы өз тарихында қарсыласпен 6 мәрте буллит ойнап, 1 рет қана жеңілген. 6 ойында да Роман Старченко буллитті орындап, 5 рет қақпаға кіргізген (Қазақстан жеңді), 1 рет кіргізбеген (Қазақстан жеңілген).
  • Қазақстан құрамасы 7 ұпай жинап, топта 8 команда арасында 6-орын алды. Қазақстан құрамасының рекорды 2021 жылы 10 ұпаймен тіркелген. Биылғы ұпайымыз әлем чемпионатындағы ең үздік 2-ші көрсеткішіміз.
  • Қазақстан құрамасы алғаш рет 4-ші мәрте жоғарғы дивизионда өнер көрсетеді. Бұған дейін 2004, 2005, 2006 жылдары 3 мәрте қатарынан жоғары дивизионда қалдық.

WhatsApp Image 2023-05-23 at 19.50.42.jpeg

қандай кемшіліктер болды?

  • Қазақстан құрамасы 7 ойында да алғаш болып, өз қақпасына шайба кіргізді.
  • Қазақстан құрамасы топтық кезеңде ең көп шайба жіберген ТОП-3 құраманың қатарына кірді. Венгрия – 37, Қазақстан мен Франция – 31.
  • Қазақстан құрамасы 14 шайба соқты. Бұған дейінгі төменгі көрсеткішіміз 2012 жылы тіркелген (11 шайба).
  • Қазақстан құрамасы шайбан Швейцария қақпасына ең аз 13 рет бағыттаған.
  • Қазақстан құрамасына ең көп 51 мәрте шабуыл жасаған Словакия.

Qazsport каналында қай ойын көп көрілді?

  • 92 мың қаралым. Қазақстан – Словакия 4:3 Б
  • 76 мың қаралым. Қазақстан – Норвегия 4:3 Б
  • 25 мың қаралым. Қазақстан – Словения 4:3 

Елімізде хоккейге қанша қаражат бөлінеді?

2023 жылдың мәліметі бойынша:

Ақмола облысы (2022-2024) - 3 228 368 300 теңге

Атырау облысы (2023-2025) - 2 613 000 000 теңге

Қарағанды облысы - 870 656 000 теңге 

СҚО - 725 000 000 теңге

Қостанай облысы - 643 200 000 теңге 

Ақтөбе облысы - 610 000 000 теңге 

Астана қ. - 500 000 000 теңге

Павлодар облысы - 427 323 008 теңге

Алматы қ. - 350 000 000 тенге

ШҚО – 0 тенге (өзге жерлерден қаржыландырылады)

Енді жерлестеріміз келесі жылы Чехияда өтетін әлем чемпионатында бақ сынайды.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар