00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Аустралия ашық чемпионатына 12 теннисшіміз қатысады

21.12.2023 | 15:00
25

Аустралия ашық чемпионатына қатысушылар тізіміне 12 қазақстандық теннисші енді, деп хабарлады Elorda.info.

Жекелей сында негізгі турнирде Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Александр Бублик өнер көрсетеді. Жұптық сында Анна Данилина мен Александр Недовесов додаға түседі.

Аустралия ашық чемпионатының іріктеу сайыстарында Бейбіт Жұқаев, Денис Евсеев және Тимофей Скатов бақ сынайды.

Жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатында негізгі жарыста алғаш рет Әмір Омарханов пен Асылжан Арыстанбекова кортқа шығады. Сондай-ақ іріктеу сайыстарына Даниал Рахматуллаев пен Виталий Зацепин қатысады.

Айта кетейік, өткен жылы Аустралия ашық біріншілігінде еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина финалға дейін жеткен еді.

Барлық жаңалықтар