00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Астаналық полицей шахмат жарысында үздік атанды

02.04.2024 | 13:41
Елорда ақпарат
51
Астаналық полицей шахмат жарысында үздік атанды
Фото: дереккөз

Астана полицейі Руслан Саидов шахматтан мемлекеттік қызметшілер арасында ұйымдастырылған жарыста үздік өнер көрсетті, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласы Полиция департаментінің қызметкері Руслан Саидов мемлекеттік басқару жүйесін дамытуға, ынтымақтастыққа, кооперация және мемлекеттік басқару субъектілері арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға қосқан үлесі үшін Туризм және спорт министрлігінің алғыс хатымен марапатталды.

Қала көлемінде ұйымдастырылған жарыста 40-тан астам қызметшілер өз бағын сынады.

Жалпы, 9 турдан тұратын жарыста жүзден жүйрік шыққандар анықталып, Руслан үздіктердің қатарында болды. Полиция қызметкері Руслан Саидов 2009 жылдан бастап елордалық департаментте қызмет атқарады. 2008 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Астана қаласы ПД-да негізінен саптық бөліністерде қызмет атқарады.

Шахматты оқушы кезімнен бері ойнаймын. Жалпы, спортты жаным сүйеді. Бос уақытымның барлығын спортқа арнаймын, – дейді Руслан.

Барлық жаңалықтар