00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астаналық қыздар шайбалы хоккейден ел чемпионы атанды

25.04.2023 | 15:30
34
Фото: дереккөз

«Алау» мұз сарайында 8 және 13 жас аралығындағы бұрымды хоккейшілер арасында біріншілік өтті. Оған еліміздің әр өңірінен келген 7 команда қатысты. Олар 3 күн бойы айналмалы жүйеде мачтар сериясын өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Жеңімпаз командалардың марапаттау рәсіміне Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Павел Казанцев және Астана қаласы мәслихатының депутаты Нұрлан Муслим қатысып, жүлделі орындарға ие болған бұрымды қыздарды құттықтап, жылы лебіздерін білдірді .

Елімізде әйелдер хоккейінің дамуына, әсіресе болашақ чемпиондарды бала жастан тәрбиелеуге ерекше көңіл бөліне бастады. Оған дәлел бүгінгі жарыс. Былтыр ел чемпионатына 5 команда келіп еді. Биыл көрсеткіш 7-еуге жетті. Яғни жыл өткен сайын осы спорт түріне деген қызығушылық артып жатыр. Қыздардың деңгейі де жақсы. Ойындар өте тартысты өтті. Бірнеше қыз ерекше қабілетімен көзге түсті. Сәйкесінше, ұлттық құрамаға лайықты ізбасарлар өсіп келеді деген сөз, – дейді әйелдер хоккейінің жетекшісі Бұлбұл Қартаңбай.

Нәтижесінде жергілікті, яғни, «Астана» командасы бас жүлдені жеңіп алды. Үздік үштікті Алматы мен Өскемен қаласының құрамалары түйіндеді.

6f38a023587f0754e78c91df87cd6088_1280x720.jpeg

Айта кетейік, Астана қаласы қыздар арасындағы ішкі біріншілікті алғаш қабылдап тұр. Енді алдағы уақытта осындай форматтағы турнирлерді тұрақты өткізу жоспарланып отыр.

Барлық жаңалықтар