00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астанада өтетін шахмат турниріне рекордтық жүлде қоры тағайындалды

10.07.2023 | 15:00
31
Фото: ашық дереккөз

11-19 шілдесі аралығында елордада Астананың 25 жылдығына орай ұйымдастырылған бірегей шара өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл – қазақстандық көрнекті спортшы, түрлі әлем чемпионаттарының жеңімпазы Динара Сәдуақасова басқаратын Шахмат академиясы өткізетін «Астана жұлдыздары» халықаралық шахмат фестивалі.

Турнирдің мақсаты – Қазақстанда шахматты спорт түрі ретінде танымал ету және дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ жас спортшылардың шеберлігін шыңдау және жас таланттарды іздеу.

 Фестиваль кезінде ұйымдастырылатын турнирлерге әлемнің 16 елінен Қазақстанға келетін 800-ден астам адам қатысады деп күтілуде. Жүлде қоры рекордтық сома – 40 миллион теңгені құрайды.

Барлық жаңалықтар