00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астанада парахоккейден әлем чемпионаты өтеді

21.09.2023 | 09:00
36
Фото: дереккөз

Астанадағы «Тарлан» мұз айдынында 6-11 қазан аралығында Astana 2023 World Championship B-Pool өтеді, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Айтулы бәсекеге Қазақстан, Словакия, Швеция, Жапония, Финляндия және Ұлыбритания командалары қатысады деп күтіліп отыр.

Айта кетейік, следж-хоккейден ұлттық құрама өткен жылғы С пулындағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алып, В тобына жолдама алған еді.

Біз «B-Pоol» жарысына алғаш рет қатысамыз. Астана қаласының құрама командасынан құралған хоккейшілер мұндай мүмкіндікке өткен маусымда Тайландта өткен «С-Pool» әлем чемпионатында екінші орын алған соң ие болдық.
Жалпы Қазақстанда парахоккейді дамыту бағдарламасын бес жыл бұрын ғана бастаған болатынбыз. Содан бері жергілікті демеушілер мен ұйымдардың назарын аударып, ұлттық құраманың қалыптасуына көмектесті.
Айта кетейік, «B-Pоol» парахоккейден әлем чемпионаты тоғызыншы рет өтіп, Азияда үшінші рет өткізіледі, - деді команда мүшесі Қайрат Сабыров.

Барлық жаңалықтар