00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Астанада панкратионнан халықаралық турнир өтті

08.05.2023 | 13:00
29
Фото: дереккөз

Ауғанстанда қаза тапқан жауынгер-интернационалистерді еске алу мақсатында «Алатау» спорт кешенінде панкратионнан турнир өтті, деп хабарлады Elorda.info

Іс-шараның салтанатты ашылу сәті Ақмола облысы бойынша Ауғанстанда 20 жастарында қаза тапқан 17 жауынгерді аза тұтумен басталды. 

b66f03f6-023d-4e88-b7ad-f01245ce5093.jpg

Одан кейін аралас жекпе-жектен 10 дан иегері, Эрик Асеновтің ұйымдастыруымен Қазақстан мен Қырғызстанның жас споршылары арасында 10 салмақ бойынша жекпе-жектер ұйымдастырылды. 

Атақты бапкер Эрик Асеновтің айтуы бойынша: 

Панкратион – тек төбелес емес, ол бокс, каратэ, ушу-саньда, тай-бокс, таэквондо сынды спорттың жиынтығынан құралады. 

Жасөспірімдердің өз-өзін қорғау және салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат ететін турнирдің соңында спортшылар мақтау қағазы, медальмен марапатталды.

815dfc28-9841-4754-96b6-5560aad4ca68.jpg

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар