00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астанада ұлттық спорт түрлерінен фестиваль өтеді

21.08.2023 | 12:30
47
Фото: дереккөз

Астана қаласында 4-10 қыркүйек күндері ұлттық спорт түрлерінен VI фестиваль өтеді, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақ күресі, тоғызқұмалақ, көкпар, аударыспақ, бәйге, жамбы ату, теңге ілу, құсбегілік, дәстүрлі садақ ату, жекпе-жек спорт түрлерінен еліміздің барлық өңірі сынға түсетін болады.

Төрт жылдықтың басты додасы – Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық спорт қауымдастығы, ұлттық спорт түрлері бойынша федерациялар және Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтеді.

a92a9b1dc55c58340f8050e908ba614a_1280x720.jpeg

«Қазанат» ипподромында көкпар, аударыспақ, бәйге, жамбы ату, теңге ілу, дәстүрлі садақ ату, құсбегілікті тамашалауға болады.

Ұлттық спорт түрлерінен өтетін бәсеке мынадай спорт кешендерінде өтеді:
«Qazaqstan» ЖАСК – асық ату, тоғызқұмалақ.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында қазақ күресі өтсе, «Аспан» спорт кешенінде жекпе-жек ұйымдастырылады.

Барлық жаңалықтар