00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада көркем гимнастикадан жазғы республикалық спартакиада аяқталды

19.05.2023 | 09:15
33
Фото: дереккөз

Астанадағы Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде көркем гимнастикадан ҚР-ның VI жазғы спартакиадасы аяқталды, деп хабарлады Elorda.info

Бұл жолы жекелей сында еліміздің әр өңірінен келген 54 гимнаст сынға түсті. Ал топтық жаттуғуда 12 команда бақ сынады.

bd7c5cf2-581a-430e-908d-7c38a9421a64.jpg

Шығыршықпен өнер көрсету:
1-орын Елжана Таниева;
2-орын Милана Парфилова;
3-орын Айбота Ертайқызы.

Доп:
1-орын Елжана Таниева; 
2-орын – Айбота Ертайқызы; 
3-орын – Эрика Жайлауова.

Ұршық пен лента жаттығуы (бірден нәтиже): 
1-орын Елжана Таниева; 
2-орын – Милана Парфилова;
3-орын – Эрика Жайлауова.

Көпсайыс: 
1-орын – Эрика Жайлауова (115,450 балл);
2-орын Милана Парфилова (111,700 балл); 
3-орын – Баян Қойбақар (102,950 балл).

Ал топтар арасындағы және командалық көпсайыста бірдей нәтиже тіркелді. Екі сында да Шымкент қаласы мықты екенін тағы бір мәрте дәлелдесе, одан кейінгі орынға Астана мен Алматы қаласының құрамасы жайғасты.

Жалпы есепте Шымкент қаласының гимнастары 7 алтын, 5 күміс пен 1 қола медаль жеңіп алып, бірінші орынға шықты. Астана қаласы (1 алтын, 3 күміс, 4 қола) күміс, Алматы қаласы (1 алтын, 1 күміс, 2 қола) қола жүлдегер атанды.

Барлық жаңалықтар