00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астанада көркем гимнастикадан республикалық жазғы VI спартакиада басталды

17.05.2023 | 15:30
64
Фото: Сұлтан Сейіт

Спартакиадаға 60-тан астам көркем гимнасшы қатысып жатыр, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.

Іс-шараның ашылу салтанатына Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов, «Қазақстан спортшылар одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Азамат Қарлығашев, Республикалық Олимпиадалық даярлау орталығы басшысының орынбасары Аслан Жақсыбеков, Астана қаласының Спортты дамыту дирекциясының басшысы Олжас Әкімов, Астана қаласының көркем гимнастика федерациясының президенті Сайранбек Әбілхайыр, ауыр атлетикадан 4 дүркін әлем чемпионы Илья Ильин, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорт шебері Ләйлім Омарова қатысты.

ги1.jpg

Осындай іс-шараның керемет спорт кешенінде өтіп жатқаны көңіл қуантады. Жазғы Спартакиада арқылы сіздерге болашақта жолдарыңыз ашылып, Азия чемпионаты, әлем чемпионаттарында өнер көрсетуге мүмкіндік аласыздар. Барлықтарыңызға сәттілік! Жеңіс тұғырыңда көрінуге тілектеспіз! - деп Самат Жылқыбаев көпшілікті құттықтады.

ги2.jpg

Жазғы спартакиада ойындарына тек Астана ғана емес, Алматы, Шымкент, Абай Ақмола, Атырау, ШҚО, Қарағанды, Маңғыстау, СҚО сынды өзге де облыстардан 60-тан астам көркем гимнасшы жиналды. Олар гимнастиканың бірнеше бағыты бойынша медальдар жиынтығын сарапқа салып жатыр.

ги3.jpg

Бүгін көркем гимнастикадан VI спартакиадасын ашып жатырмыз. Ал Қазақстан спартакиадасы ақпан айынан басталып қазан айына дейін жалғасады. Барлықтарыңызға сәттілік пен жеңіс тілеймін. Алда өте жауапты жыл. Себебі, көркем гимнастикадан Манилада (Филиппин) Азия чемпионаты бар. Күзде Қытайда Азия ойындары өтеді, - деді Спортты дамыту дирекциясы директорының орынбасары Азамат Имашев.

ги4.jpg

Сондай-ақ спартакиаданың ашылу салтанаты барысында ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағымен Жасмин Джунусбаева, Айым Мейражова, Айсұлу Мурзагалиева, Милана Парфилова, Дина Мырзабаева, Анель Гулмаганбетова, Айзере Кеңес, Диана Меңдібаева, Кристина Чепулская марапатталды.

ги5.jpg

Жарыс 16-19 мамыр күндері аралығында Qazaqstan СК жеңілатлетикалық кешенінде өтіп жатыр.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар