00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астанада күрес түрлерінен ел чемпионаты өтеді

11.01.2024 | 10:00
51
фото: gov.kz

Ұлттық біріншілікке еліміздің 17 облысы мен Алматы, Шымкент қалаларынан келген спортшылар қатысады. Айтулы бәсекеде елордалық бозкілем шеберлері де бақ сынайды.

Аталған турнирден соң Бішкекте өтетін Азия аймақтық, Ыстанбұлда өтетін әлемдік іріктеу турнирінде бақ сынайтын балуандар есімі белгілі болмақ.

Айта кетейік, ресми ақпарат бойынша, еркін күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегері Азамат Дәулетбеков пен грек-рим күресінен команда мүшесі Нұрсұлтан Тұрсынов ел чемпионатынан босатылды. Екі балуан да Париж Олимпиадасына жолдама алып қойғандықтан, дүбірлі додаға дайындыққа кіріспек.

Күрес түрлерінен Қазақстан біріншілігі Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

Барлық жаңалықтар