00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада күрес түрлерінен ел чемпионаты басталды

02.02.2024 | 02:52
49

Ашылу салтанатына КСРО және Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Азия күрес федерациясы және ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Аталған ел біріншілігіне еліміздің 20 өңірінен 600-ден астам күрес шеберлері қатысуда.

Жарыстың алғашқы күнінде грек-рим шеберлері 55, 63, 72, 82 және Олимпиада бағдарламасына кіретін 97 келі салмақта жүлде жиынтығын сарапқа салды. 

Астана қаласы сапынан 55 келіде белдескен Айбек Айтбеков жартылай финалда көпшілікті таңғалдырып, басты фавориттің бірі – Аманғали Бекболатовтан айласын асырып кетті. Дегенмен, финалда Жетісу облысының спортшысы Нұрзат Қабдырахимовқа есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды. 

b84d9f14-1e5d-4646-8b0c-47dc429d1cef.jpg

Айта кетейік, байрақты бәсеке ақпанның бесіне дейін Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар