00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астанада Асқар Забикулинді еске алуға арналған турнир өтті

27.11.2023 | 05:30
44
Фото: дереккөз

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан Асқар Забикулинді еске алуға арналған азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері арасында волейболдан турнир өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Турнирге жалпы 19 команда қатысты: Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстық Төтенше жағдайлар департаменттері, сондай ақ М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының командалары. Барлығы 190 қатысушы келді, оның ішінде 14 командаға бөлінген 176 ойыншы бар.   

Жеребе тартудың қорытындысы бойынша командалар «А», «В», «С», «D» топтарына бөлінді. 

Топтық ойындар «Құтқарушы», «Қуат», «Еуразия», «Эверест» спорт кешендерінде өткізілді. 
Жартылай финалдық ойынға ШҚО ТЖД, Ақтөбе облысының ТЖД, Астана қаласының ТЖД, Қызылорда облысының ТЖД командалары шықты.

Финалдық ойынның қорытындысы бойынша үшінші орын Ақтөбе облысының ТЖД, екінші орынды ШҚО ТЖД, ал жүлделі бірінші орынды Астана қаласының ТЖД командасы иеленді.
Турнирдің жеңімпаз командалары кубоктармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Сондай ақ, ойыншылар жеке номинациялар бойынша грамота мен сыйлықтармен марапатталды:

«Үздік шабуылшы» Асылан Қанатбаев, Ақтөбе облысының ТЖД;

«Үздік тосқауылшы» Рамазан Жақсыбай, Қызылорда облысының ТЖД;

«Үздік үйлестіруші» Дулат Рзатаев, Астана қаласының ТЖД;

«Үздік либеро» Арман Мухамадиев, Шығыс Қазақстан облысының ТЖД;

«Ең құнды ойыншы» Санат Секеров, Астана қаласының ТЖД.

Барлық жаңалықтар