00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанада алғаш рет пара каратэден инклюзивті әлем чемпионаты өтуде

24.11.2023 | 11:00
43
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бүгін елордадағы «Beeline Arena» спорт кешенінде пара каратэден инклюзивті әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Шараның ашылу салтанатына қатысқан Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев қатысушыларға сәттілік тілеп, спорт саласында инклюзивті орта қалыптастырудың және ерекше қажеттілігі бар спортшылардың осындай әлемдік додаларға қатысуының және Қазақстанда алғаш рет өтуінің маңызы зор екенін атап өтті: 

Бүгін елімізде айтулы күн десекте болады. Алғаш рет елімізде оның ішінде Астана қаласында Пара каратэден Инклюзивті Әлем Чемпионаты өткелі тұр. Әлемнің 6 елінен келген спортшыларға және Америкадан келген FSKA бүкіл әлемдік фунакоши каратэ федерациясының президентіне алғысымды білдіре отырып, Қазақстанның астанасы елордаға қош келдіңіздер! 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қолдау мәселесіне үнемі баса мән беріп келеді. Паралимпиадалық спорт түрлері, бірінші кезекте, рухы асқақ, жігері мықты, мақсаты айқын адамдарға арналғаны сөзсіз. Соңғы жылдарда елімізде бұл саланың қарқынды дамып келе жатқаны қуантады.

Күні кеше Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен IV Азия Пара ойындары еліміз үшін өте сәтті өтті. Себебі, еліміз өз тарихында жүлде саны мен сапасы жағынан барлық рекордтарды бұзды. Екіншіден, Қазақстан алғаш рет пара дзюдо, пара жеңіл атлетика, пара пауэрлифтинг спорт түрлерінен алтын жүлдеге ие болды. Облыс арасында медаль саны бойынша көш басында Астаналық пара спортшылар жайғасты. Астана қаласы – 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медальге ие болды. Биылғы Азия Пара ойындары Астана қаласы үшін жақсы көрсеткіш деп айтуға болады.

Бүгінгі сайысқа қатысып жатқан спортшыларымыз алдағы уақытта халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғайды деп сенемін. Баршаңызға сәттілік тілеймін. Жеңісті күндерініз көп болсын, - деді ол.

2.jpg

Спорттық доданың жүлделерін сарапқа салуға әлемнің сегіз елінен келген 200-ге жуық пара спортшылар қатысуда.

Бұрыннан бері каратэ саласында қызмет атқарып келемін. 2017 жылы шетелде кездейсоқ пара каратэшілердің жарысын көргенде, неге Қазақстанда қолға алмасқа деген ой келді. Бірінші мақсатым – ел ішінде пара каратэні таныту еді. 6 жылдың ішінде еліміздің 11 өңірі қолға алды. Олардың арасынан ең мықтысы – 100-ге жуық спортшысы бар Астана қаласы.  Екінші мақсатым – бірінші рет әлем чемпионатын өткізу. Міне, осы күнге аман есен жетіп, Қазақстаннан бөлек, АҚШ, Италия, Португалия, Үндістан, Ресейден пара спортшылар жүлдеге таласып жатыр. Алдағы уақытта жыл сайын ұйымдастыруды қолға алға жатырмыз. Келесі жылы бәсекеміз Үндістан немесе Португалия мемлекетінің бірінде жалғасын табады.

Алдағы жоспарымызға тоқталсақ. Келер жылдың желтоқсан айында Алматы қаласында пара АЗия чемпионатын қабылдаймыз. Пара каратэ тек кейінгі жылдары дамығандықтан, әзірше Азия біріншілігі Өзбекстан мен Малайзия астаналарында ғана өтті. Малайзияда тек 5 жерлесіміз өнер көрсеткен болатын. Ал Алматы қаласында толық 25 пара каратэшіміз жүлдеге таласып, жалпы есепте 1-орынға ие боламыз деп, ойлаймын, - деді Қазақстан Пара каратэ федерациясының президенті Мейрамгүл Дукаева. 

Қатысушылардың жасы 7 жастан 65 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Қатысушылар – тірек – қимыл аппараты, көру мүшесі  зақымдалған, сонымен қатар интеллектуалды даму деңгейі төмен спортшылар мен қатар дені сау спортшыларды құрайды.

3.jpg

Айта кетейік, «Beeline Arena» спорт кешенінде өтіп жатқан байрақты бәсеке 26 қарашаға дейін жалғасады.

Барлық жаңалықтар