00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Astana Half Marathon: 18 маусымда қандай көшелер жабылады?

15.06.2023 | 14:34
31
Фото: Василий Крась

18 маусымда елордада Astana Half Marathon жартылай марафоны өтеді. Жарысты өткізу кезінде қалада кейбір көшелерде қозғалыс ішінара жабылады, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада жартылай марафон EXPO халықаралық көрме орталығының аумағынан бастау алады. Айта кетерлігі, ЭКСПО-қалашық маңындағы учаскеде қозғалыс 17 маусым күні сағат 16:00-ден 18 маусым күні сағат 18:00-ге дейін жабылады.

Түркістан көшесі бойынша EXPO ғимаратынан Сығанақ көшесіне дейінгі қозғалыс 18 маусым күні сағат 06:00-ден 08:00-ге дейін жабылады.

Сығанақ көшесінің Түркістан көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейінгі аралықтағы қозғалыс 07:00-ден 09:00-ге дейін жабылады.

Тәуелсіздік даңғылының Сығанақ көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскесінде қозғалыс сағат 07:20-дан 10:00-ге дейін жабылады.

Сарайшық көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан Мәңгілік ел даңғылына дейін, солтүстік айналымның бөлігін қоса алғанда, қозғалыс сағат 07:20-дан 10:00-ге дейін жабылады.

Мәңгілік ел даңғылының учаскесіндегі айналымның оңтүстік жағынан Қонаев көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 07:40-тан 10:00-ге дейін жабылады.

Қонаев көшесінде Мәңгілік ел даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі қозғалыс сағат 07:50-ден 10:50-ге дейін жабылады.

Қонаев көшесінде «Хан Шатыр» СОО аумағының айналасы сағат 07:50-ден 10:50-ге дейін жабық болады.

Достық көшесінің Тұран көшесінен Ақмешіт көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс сағат 07:50-ден 11:00-ге дейін жабылады.

Ақмешіт көшесінің Достық көшесінен EXPO орталығына дейінгі аралықта қозғалыс сағат 08:00-ден 11:20-ға дейін жабылады.

Мәліметтер жарысқа қатысушылардың қозғалыс уақытын ұтымды бөлуін ескере отырып енгізілді.

ЭКСПО орталығына көлік арқылы жету үшін ұсынылатын маршрут:

1) Тұрар Рысқұлов көшесі арқылы;

2) Мәңгілік ел даңғылының Қонаев көшесінен Әбіш Кекілбаев көшесіне дейін;

3) Қабанбай батыр даңғылымен «MEGA Silk Way» СОО-ға дейін.

Жолдарда қозғалыстың қарқынды болуына байланысты қатысушыларға Рысқұлов көшесі мен Мәңгілік ел даңғылының қиылысына дейін автобуспен старт орнына (EXPO) жету ұсынылады. Қалашық маңындағы тұрақ жабық болады.

Барлық жаңалықтар