00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

«Астана» футбол клубы төрт ойыншымен қош айтысты

05.01.2024 | 12:00
46
Фото: instagram.com/fca.astana

Елордалық «Астана» футбол клубы 4 ойыншымен қоштасты, деп хабарлады Elorda.info «Астана» клубының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

Елордалық команда cапынан Жарко Томашевич, Аслан Дарабаев, Степан Лончар және Дембо Дарбо кетті. 

Черногориялық қорғаушы Жарко Томашевич «Астана» қатарына 2019 жылы қосылған. Ол негізгі құрамда барлығы 78 матч өткізіп, 7 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді. Томашевич «Астанамен» бірге Қазақстан чемпионатында бас жүлде алып, УЕФА Еуропа лигасы мен Конференция лигасының топтық кезеңіне өтті. 

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Аслан Дарабаев «Астана» футбол клубына 2021 жылдың басында қосылған еді. Ол 2022 жылы ел чемпионатында бірінші орын алуға үлес қосты, УЕФА Конференциялар лигасының топтық кезеңіне шығуға ат салысты. Осы уақыт аралығында Дарабаев команда сапында 50 ойын өткізді, 3 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді.

 Босниялық жартылай қорғаушы Степан Лончар «Астанаға» 2023 жылдың шілдесінде келді. Ол командамен бірге Конференция лигасының топтық кезеңінде ойнады. Елордалық клуб қатарында 18 кездесу өткізіп, 1 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.

 «Астана» командасымен қоштасқан төртінші ойыншы – гамбиялық шабуылшы Дембо Дарбо. Ол 2023 жылғы маусымда елордалық клубқа қосылды. Барлығы 42 ойын өткізіп, 11 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. 

Барлық жаңалықтар