00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

«Қайрат» футзал клубы жаңа ойыншыны таныстырды

04.01.2024 | 14:00
37
Фото: instagram.com/ricardinhofutsal99

«Қайрат» футзал клубы бразилиялық ойыншымен келісімшартқа отырды, деп хабарлады Elorda.info аталған клубтың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

 Алматылық команданың жаңа ойыншысының есімі – Рикардиньо. Ол Бразилияның «Magnus futsal» клубынан ауысып келді. 25 жастағы ойыншымен келісімшарт 2026 жылдың 27 маусымның соңына дейін жасалды. Рикардиньо «Magnus futsal» сапында 2018-2023 жылдар аралығында ойнаған. Осы аралықта бразилиялық клуб 13 турнирде жеңіске жеткен.

Жаңа ойыншымызға сәттілік және «Қайрат» сапында үлкен жеңістер тілейміз, – деп жазды «Қайрат» футзал клубы Instagram желісіндегі парақшасында. 

Айта кетейік, жақында «Қайрат» футзал командасы Қазақстан кубогын жеңіп алды. Финалда «Қайрат» клубы «Cемеймен» кездесіп, 5:3 есебімен басым түсті. Осылайша алматылық клуб 19-рет Қазақстан чемпионы атанды. 

Барлық жаңалықтар