00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

40 миллион теңге: «Астана жұлдыздары» фестивалінің жеңімпаздары анықталды 

20.07.2023 | 04:30
58
Фото: Шахмат федерациясынан

Бас қалада «Астана жұлдыздары» халықаралық шахмат фестивалі аяқталды, деп хабарлады Elorda.info.

Ең мықты шахматшылар марапаттарға ие болып, рекордтық 40 миллион теңге жүлде қорын өзара бөлісті. Айта кетерлігі, бұл сома аясында балаларға да, әйелдер мен шахмат ардагерлеріне де арнайы жүлделер қарастырылды.

Турнирдің А категориясы бойынша жеңімпазы – Үндістанның дарынды шахматшысы Адитья Миттал, ол 4 млн теңгенің сертификатымен марапатталды. Турнирдің күміс жүлдесін украиналық гроссмейстер Александр Моисеенко (3,5 млн), ал Израиль спортшысы Евгений Алексеев (3 млн) қоланы қанжығасына байлады.

«Астана жұлдыздары» әлемнің 16 елінен 800-ден астам шахматшының басын қосты. Тіркелушілердің едәуір бөлігін балалар құрады.

Астанаға әлемнің түкпір-түкпірінен шахматшылар жиналып, өз білімдері мен тәжірибелерін ортаға салды. Фестиваль барысында біз керемет ойын шайқастарының куәсі болдық. Бұл шынында да зерделіліктің, жеңістер мен жаңа жетістіктердің мерекесі болды. «Астана жұлдыздары» шахматтың түрлі жастағы, ұлт пен мәдениет өкілдерінің басын қосып, берік байланыс пен достық орната алатынының жарқын мысалы болды, - деді Динара Сәдуақасова фестивальдің жабылу салтанатында.

Фестиваль аясында төрт турнир өткізілді: ерлер мен әйелдер арасындағы ҚР кубогының кезеңі, әуесқойлар, балалар және блиц-ойындар. 

Астанада «рейтинг фавориттері» қатарында америкалық шахматшы, гроссмейстер Ханс Моке Ниманн, армян гроссмейстерлері Шант Саргсян және Мануэль Петросян, әйелдер арасындағы Азияның қазіргі чемпионы Дивья Дешмух ойнады. Үндістан, Израиль, Украина, Әзербайжан және басқа мемлекеттерден де мықты ойыншылар бар.

Қатысушыларды құттықтап, марапаттаған мәртебелі меймандардың қатарында Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, Қазақстан шахмат федерациясының өкілдері, қоғам қайраткерлері мен спортшылар және басқа да танымал тұлғалар болды.

Барлық жаңалықтар