00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астанада қазақ күресінен «Театр барысы – 2023» турнирі өтеді

01.04.2023 | 00:53
Елорда ақпарат
42

Астанада халықаралық театр күніне арналған қазақ күресінен «Театр барысы – 2023» турнирі өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Турнирдің қолдаушысы – Астана қаласы әкімдігі.

Турнирдің ұйымдастырушысы – Астана қаласы Музыкалық жас көрермен театры. Жоба жетекшісі – Асылхан Төлепов "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, "Ерен еңбегі" медалінің иегері, 4 дүркін “Өнер барысы”.

Турнирдің басты мақсаты – еліміздің театрларында ұлттық спортты дамытып, қазақ күресін кеңінен дәріптеу;

Қазақстанның театр кеңістігіндегі актерлердің өнер мен спорттағы шығармашылық әрі әріптестік байланысын нығайту.

«Театр барысы – 2023» І республикалық турниріне қалалық, облыстық және республикалық театрлардың актерлері қатысады.

Турнир үш түрлі салмақ (66, 74, 90+) бойынша өтеді.

Төрешілер алқасы турнирдің жеңімпаздарын әрбір салмақ бойынша анықтайды:

1-орын: 250 000 тг;

2-орын: 150 000 тг;

3-орын: 100 000 тг.

Сондай-ақ 3 арнайы жүлде болады.

Турнир бүгін Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында (Қабанбай батыр көшесі, 43) сағат 16.00-де басталады.

Барлық жаңалықтар