00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Даниялық әзілкеш қазақстандық футболшыларды Бораттың суретімен мазақ қылды

01.04.2023 | 00:53
ҒаниАтымтай
33

Даниялық әзілкеш Андерс Фьелстед футболдан Дания құрамасының 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу матчінде Қазақстан құрамасынан жеңілгеніне (2:3) пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info.

Біз олардан жеңіліп қалдық, - деп жазды Фельстед.

Sports.kz сайтының жазуынша, ол Қазақстан құрамасының ойыншыларының бетіне Бораттың жүзі бейнеленген суретті бөліскен.

Данияға алдыңғы іріктеу кезеңінде қанша гол соқса, бір таймда Қазақстан Данияға сонша гол соқты, - деп жазған әзілкеш.

Оқи отырыңыз: Данияны жеңген қазақстандық футболшылар сыйақы алады

Еске салайық, 26 наурызда «Астана-Аренада» өткен ойында отандастарымыз 3:2 есебімен жеңіске жеткенін жазған едік. Осылайша, Қазақстан құрамасы топтағы екінші ойында 3 ұпайға қол жеткізді. 

Барлық жаңалықтар