Александра Ле Үндістанның Бхопал қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден әлем кубогының кезеңінде 10 метрден пневматикалық винтовкамен оқ атудан жүлде алды, деп хабарлады Elorda.info.
Ол бұл сайыста 261.2 ұпай жинады.
Мадхья-Прадеш штатындағы бұл жарысқа әлемнің 31 елінен 208 таңдаулы спортшы жиналды. Бұл қатарда 18 қазақстандық бар. Әлем кубогының кезеңі 27 наурызда аяқталады.