00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елена Рыбакина жанкүйерлеріне алғыс айтты

01.04.2023 | 00:40
Елорда ақпарат
31

Теннисші Елена Рыбакина Қазақстандағы жанкүйерлеріне алғыс айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстандағы жанкүйерлеріме, қазір жаңа жеңістерді бағындыруға ұмтылып жатқан жігіттер мен жасөспірімдерге ерекше алғыс айтамын! Бәрі де мүмкін. Маған сеніп, үнемі қолдап отыратындарыңыз үшін рахмет... Сіздердің көмектеріңізбен мен кортта қолымнан келетіннің бәрін жасай аламын, –  деп жазды Рыбакина 21 наурызда Instagram парақшасында.

20 наурыз күні Қазақстанның үздік ракеткасы Елена Рыбакина финалда әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь теннисшісі Арина Соболенконы ұтып, Индиан-Уэллстегі WTA-1000 турнирінің жеңімпазы атанды.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі беделді турнирдегі жарқын жеңісімен құттықтады.  

Барлық жаңалықтар