00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

«Енді қанша күтемін?»: Жәнібек Әлімханұлы екі титул үшін жұдырықтасуы мүмкін

01.04.2023 | 00:28
Елорда ақпарат
29

Бразилиялық боксшы Эскива Фалькао және орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желі арқылы екі титул үшін айқас өткізуге келісті, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы Vesti.kz жазды.

Фалькао Головкин босатқан IBF титулын жеңіп алғаннан кейін Жәнібекпен шығуға дайын екенін айтты. Мұның алдында Халықаралық бокс федерациясы Фалькао мен германиялық Винченцо Гуальтьери арасында осы белбеу үшін жекпе-жекті белгілеген болатын. 

Менің бірінші мақсатым – IBF белебуі, одан кейін WBO чемпиондығы үшін айқасу. Мен келе жатырмын, чемпиондар, - деп жазыпты Фалькао Twitter желісінде.

Бұған Жәнібек Әлімханұлы жауап берген.

Кел, жасайық. Мен де соны қалаймын, - деп жауап берген қазақстандық боксшы. 

Бәрі ретімен, мені күте тұр, - дейді бразилиялық боксшы.

Сені ұзақ күттім. Енді қанша күтемін? 40 жасқа дейін бе?, - дейді Жәнібек.

Біздің жекпе-жек өте тартысты болады, тек IBF белбеуіне жетіп алайын, - дейді Фалькао.

Барлық жаңалықтар