00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты тікелей эфирде көрсетіледі

01.04.2023 | 00:20
Елорда ақпарат
8

«Qazsport» телеарнасы бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлады Elorda.info.

Жаһандық дода 15-26 наурыз аралығында Үндістан астанасы Нью-Делиде өтеді.

Іріктеу кездесулер күндізгі (14:30) және кешкі (18:30) сессияда күн сайын тікелей эфирде арнадан көрсетіледі.

Қазақстан құрамасы барлық 12 салмақ дәрежесінде бақ сынайды.

Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы:

48 келі – Алуа Балқыбекова

50 келі – Назым Қызайбай

52 келі – Жазира Орақбаева

54 келі – Жайна Шекербекова

57 келі – Карина Ибрагимова

60 келі – Римма Волосенко

63 келі – Аида Әбікеева

66 келі – Надежда Рябец

70 келі – Мәдина Нұршаева

75 келі – Валентина Хальзова

81 келі – Фариза Шолтай

+81 келі – Ләззат Күнгейбаева

Барлық жаңалықтар