00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Головкин ресми түрде WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулынан бас тартты

01.04.2023 | 00:07
Елорда ақпарат
32

Геннадий Головкиннің командасы боксшының енді орта салмақтағы әлемнің «супер чемпионы» емес екенін мәлімдеді. Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) бұл ақпаратты растады, деп хабарлады Elorda.info Sports.kz-ке сілтеме жасап.

13 наурызда Геннадийдің әлемнің «қарапайым» чемпионы кубалық Эрисланди Ларамен міндетті жекпе-жегіне қатысты промоутерлік бәс сауда болуы керек еді, бірақ бүгін Головкин белбеуді босату туралы шешім қабылдағаны белгілі болды. Геннадий Головкин ресми түрде әлем чемпионы титулын босатты, енді WBA чемпиондық комитеті бекіткен міндетті айқасқа қатыспайды. Енді WBA нұсқасы бойынша орта салмақта бір ғана чемпион бар, ол – кубалық Эрисланди Лара, - делінген қауымдастық мәлімдемесінде.

Өткен айда Геннадий Головкин IBF нұсқасы бойынша да чемпион титулынан бас тартқан болатын. Осылайша, GGG-де негізгі чемпиондық белбеулердің ешқайсысы жоқ. Онда тек IBO-ның екінші дәрежелі титулы ғана қалды.

Барлық жаңалықтар