00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың келесі қарсыласы белгілі болды

01.04.2023 | 00:04
Елорда ақпарат
26

Белгілі қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұловтың келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлады Elorda.info Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Отандық спортшының қарсыласы АҚШ өкілі Нейт Мэнесс болмақ. Жекпе-жек 6-мамыр күні Ньюарктегі (Нью-Джерси штаты) UFC 288 турнирінде өтеді деп күтіліп отыр. Мэнесс кәсіби мансабында 17 жекпе-жек өткізіп, 14 рет жеңіске жеткен және үш мәрте қарсыласына есе жіберген.

Еске сала кетейік, 34 жастағы Жалғас Жұмағұлов ережесіз жекпе-жектен америкалық UFC лигасында өнер көрсетеді. Ол алты кездесу өткізіп, тек біреуінде жеңіске жеткен.

Барлық жаңалықтар