00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Қазақстандық төрт боксшы The Ring рейтингіне енді

01.04.2023 | 00:00
Елорда ақпарат
20

The Ring журналы барлық дивизиондағы үздік боксшылар рейтингін жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Орта салмақ тізімінде Қазақстанның үш боксшысы бар.

WBA Super чемпионы Геннадий Головкин бірінші орында. WBO титулының иегері Жәнібек Әлімханұлы үшінші сатыда. ТОП-10 тізімді Мейірім Нұрсұлтанов түйіндеп тұр.

Екінші орта салмақ рейтингіне Али Ахмедов енді. Ол оныншы орында. Бұл салмақта бірінші орында абсолют әлем чемпионы Сауль Альварес тұр.

Pound-for-pound рейтингінде украиналық Александр Усик (IBF, WBA, WBO, The Ring чемпионы) көш бастап тұр.

Барлық жаңалықтар