00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Биатлоннан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр

31.03.2023 | 23:58
Елорда ақпарат
36

Қазақстанда биатлоннан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде біздің елдің намысын жиырма спортшы қорғайды, деп хабарлады Elorda.info.

Жалпы Шучинск қаласына әлемнің 38 елінен 500-ден астам атлет жиналған. Жарысқа Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов пен «IBU» – халықаралық биатлоншылар қауымдастығының президенті Олле Далин де келді. Олар спортшыларға сәттілік тіледі.

Қазақстан мұндай чемпионатты алғаш рет қабылдап отыр және алғашқы күннен бастап шын мәнінде әлемдік деңгейдегі іс-шараны ұйымдастыра алғанымыз қуантады. Ал қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы ауқымды турнирлер өткізуге қабілетті екенін тағы да көрсетті. Жарыстар аясында туристік инфрақұрылымның дамитыны анық. Осы ретте, дәл осы күндері чемпионатқа келген шетелдік қатысушылар мен жанкүйерлер ағынының арқасында туристік нысандар, қаланың қонақ үйлері толық қамтылғанын айта кеткен жөн, - деді  Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

Барлық жаңалықтар