00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

«Ол – ең қатігез жігіттердің бірі»: UFC президенті Шавкат Рахмоновқа қатысты пікір білдірді

31.03.2023 | 23:52
Елорда ақпарат
35

UFC президенті Дана Уайт қазақстандық Шавкат Рахмоновқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info

Ол кезекті жекпе-жектегі жеңісі чемпиондық белбеуге бір қадам жақындататынын айтты. 

Жартылай орта салмақтағы файтер 5 наурызда америкалық Джефф Нилмен жұдырықтасады. Жекпе-жек Лас-Вегаста UFC 285 турнирі аясында өтеді және негізгі кардтқа енген. 

Жекпе-жек алдында файтерлер баспасөз конференциясын өткізіп, алғаш рет бетпе-бет кездесті. 

Дана Уайттың сөзінше, Шавкат жан-жақты спортшы болғандықтан, өз салмағында үздіктердің қатарына қосылған. 

Ол – дивизиондағы ең қатігез жігіттердің бірі. Жеңілмеген және барлық қарсыласын уақытынан бұрын жеңген. Әзірге ешкім оның әлсіз тұсын көрсете алмады. Бұл жігіт Чимаевтан басқа файтерлерді алаңдатып отыр. Егер жеңсе, бізде чемпиондыққа үміткер тағы бір адам пайда болады, – деді Уайт.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов кәсіби мансабында 16 жекпе-жек өткізіп, бірде-бір рет жеңілмеген. 

Барлық жаңалықтар