00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Сәпиевке жұдырық ала жүгірген балуан мен оның жаттықтырушысы кешірім сұрады (ВИДЕО)

31.03.2023 | 23:33
ҒаниАтымтай
43

Олимпиада чемпионы, боксшы Серік Сәпиевпен төбелесе жаздаған балуан Қазақстан халқынан кешірім сұрады, деп жазады Elorda.info.

Қадірлі қазақстандықтар! Өзімнің оғаш әрекетіме байланысты кешірім сұраймын. Эмоциямды тежей алмадым. Менікі дұрыс болмады. Серік Сәпиев - біздің халқымыздың мақтанышы! Тағы да кешірім сұраймын! Енді бұлай қайталанбайды, - деді Зелимхан Мусиханов.  

Оқи отырыңыз: «Өзі бірдеңе айтты»: Серік Сәпиев балуанмен болған жанжал туралы пікір білдірді

«Ұялмайсың ба?»: Серік Сәпиев турнирде балуанмен төбелесіп қала жаздады (ВИДЕО)

Сондай-ақ қызба мінезді балуанның жаттықтырушысы Александр Гольцман да кешірім өтінді.

Қадірменді қазақстандықтар! Менің шәкіртім ойланбай бұрыс әрекетке барды. Мен де эмоция жетегінде кетіп, біраз артық сөз айтып қойдым. Менің әрекетім дұрыс болмады. Әйтпесе Серік ағайды қоғам қайраткері ретінде, спортшы ретінде сыйлаймыз. Чемпионымыздың репутациясын құртуды көздеген жоқпыз… – деді ол.

Барлық жаңалықтар