00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Данияр Елеусінов АҚШ-та жаттыға бастады

31.03.2023 | 22:10
Елорда ақпарат
18

Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) АҚШ-тағы жаттығуын қайта бастады, деп хабарлады Elorda.info Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Боксшы өзінің Instagram парақшасында Майамидегі (Флорида штаты) жаттығу залында ауыр қапты соғып жатқан видеосын жариялады. «Қазақ найзағайы» өткен жылдың соңынан бері АҚШ-та жүр.

Данияр Елеусінов өзінің соңғы жекпе-жегін 2021 жылдың желтоқсан айында Астанада өткізген. Онда төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен ол аргентиналық Хуан Эрнан Леальды (15-3, 4 КО) жеңіп, IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

Оқи отырыңыз: «Шаршы алаңға шығармады»: Елеусінов чемпиондық белдігінен қалай айырылғанын айтты

Данияр Елеусінов әлем чемпионы атағынан айырылды

Алайда, өткен жылдың аяғында спортшының Халықаралық бокс ұйымы (IBO) нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырылғаны жария болды. Бұл боксшының жекпе-жектері арасындағы уақыт ұзақтығымен байланысты болуы мүмкін. IBO ережесі бойынша ауыр салмақты қоспағанда, әрбір салмақ санатындағы әлем чемпиондары тоғыз айда бір рет (ауыр салмақтағылар үшін бұл кезең – бір жыл) дәрежесін қорғауды талап етеді. Ережені бұзуға тек медициналық себеп бойынша және/немесе IBO-ның шешімімен ғана рұқсат беріледі.

Барлық жаңалықтар