00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

«Шаршы алаңға шығармады»: Елеусінов чемпиондық белдігінен қалай айырылғанын айтты

31.03.2023 | 21:50
Елорда ақпарат
24

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов өзінің карьерасын менеджері құртқанын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

31 жастағы боксшы британдық промоутер Эдди Хирнмен келісімді бұзып, Зией Алиевпен жұмыс істей бастады. Соңғы екі жылда Елеусінов тек бір рет қана шаршы алаңға шыққан әрі ол чемпиондыққа талас болатын. 2021 жылдың желтоқсанында боксшы IBO бойынша әлем чемпионы белдігін алды, кейін оны қорғамағаны үшін айырылып қалды.

Бұл – менің менеджерлерімнің кінәсі. Олар Эддимен жұмыс істеуді тоқтатты. Кейін мені бірде-бір рет болсын шаршы алаңға шығармады, – деді боксшы.

Барлық жаңалықтар