00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
515.38
RUB:
5.5
Іздеу

Теннистен Қазақстан командасы жаңа турнирде өнер көрсетеді

31.03.2023 | 20:30
Елорда ақпарат
67

United Cup жаңа аралас командалық турнирінің барлық 18 қатысушы командасы белгілі болды. Жарыс 29 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығында Брисбен, Перт және Сиднейде (Аустралия) өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Турнирдің ресми сайты жарысқа қатысушы соңғы ел Қазақстан болғанын хабарлады. 

Біздің команда В квартетіне кірді, онда Польша мен Швейцария құрамаларына қарсы ойнайды.

Беделді турнирде Қазақстанның намысын Александр Бублик, Тимофей Скатов, Денис Евсеев, Григорий Ломакин, Юлия Путинцева, Жібек Құламбаева және Гозаль Айнитдинова қорғайтын болады.

Осылайша, топтардың толық құрамы келесідей:

А тобы: Грекия, Бельгия, Болгария.

В тобы: Польша, Швейцария, Қазақстан.

С тобы: АҚШ, Германия, Чехия.

D тобы: Испания, Аустралия, Ұлыбритания.

E тобы: Италия, Бразилия, Норвегия.

F тобы: Франция, Хорватия, Аргентина.

Барлық жаңалықтар